Қарағанды облысында биыл орамжапырақ пен картоп алқаптары ұлғайтылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Бұқар жырау, Осакаров және Нұра аудандарының алқаптарында болып қайтты. Ол көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысып, шаруалармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Егін егу басталғанға дейін өңір басшысы орамжапырақ егуге арналған алаңды кеңейтуді тапсырған болатын. Тұрақтандыру қорында 2019-2020 жылдары осы көкөністердің қорын 28%-ға арттыру қажет. Бұл бағаның өсуін болдырмауға көмектеседі.

Бұқар жырау ауданында қырыққабат егу үшін 80 гектар жер бөлінді. Өткен жылы бұл көкөніс түрі 50 гектарға егілген еді. Бұл ауданда картоп отырғызуға арналған алаң да ұлғаяды. Ол үшін арнайы «Баймырза Агро-2018» жаңа кәсіпорны құрылды. Компания 140 гектар жерге картоп салады. Қажетті тұқым мен техника да дайын, дейді мамандар. Өнімді сақтау үшін 8 000 тоннаға шақталған қойма салынады.
null

Сондай-ақ, Осакаров ауданында да өткен жылға қарағанда картопты көбірек отырғызуды жоспарлап отыр. Ол үшін 305 гектар алаң бөлінген. «Найдоровское» ЖШС-ның егіс алқаптарында еуропалық сұрыптар отырғызылады. Өткен жылы шетелдік тұқымдар жақсы өнім берген болатын - бір гектардан 40 тоннаға жуық көкөніс жиналыд. Жалпы 6 мың тонна картоп жиналды.

«Найдоровский» алқаптарында цифрландыруды жүйесі белсенді түрде қолданылуда. Компанияның барлық жерлерінде жерсеріктерінен алынған ақпаратты есептей отырып, топырақтың температурасы мен ылғалдылығын, отырғызылған дақылдардың пісу жылдамдығын бақылап, тіпті болашақ өнімді болжайтын арнайы бағдарлама орнатылған.
null

«Цифрлық технологияларды енгізу қажет. Олардың аграрлық секторға ашатын болашағы зор. Сонымен қатар, техниканы жаңарту керек. Ол үшін қазір елде лизингтік бағдарламалар мен субсидиялау секілді жағдайлар жасалған. Осының арқасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін техника сатып алуға берілетін несие тек 7%-ды құрайтын болады. Шаруалардың айтуынша, бұл олар үшін тиімді мөлшерлерме. Сондай-ақ, қазір пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Содан кейін бұл учаскелерді аукционға шығарамыз. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді оған қатысуға және егістік аумақтарын кеңейтуге шақырамын», - деді Ерлан Қошанов.
null

Облыс әкімі сондай-ақ суармалы аумақтар алаңын ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті. Қазір Нұра ауданында мың гектардан астам жер бар. Биыл олардың көлемі екі есе көп болады.

Өңір басшысымен кездесу барысында дихандар егіс науқанын мерзімінде аяқтау үшін олардың техникасы мен тұқымдары жеткілікті деп сендірді.

null null

Соңғы жаңалықтар