+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қарағанды облысында биыл кезекте тұрған азаматтарға 250 пәтер беріледі – облыс әкімі

2021 жылғы 15 мамыр 05:00
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында биыл кезекте тұрған азаматтарға 250 пәтер беріледі – облыс әкімі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды обысының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл өңірде үй кезегінде тұрған азаматтарға 250 пәтер берілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда тұрғын үйлердің нөмірін жарықтандыру басталды Министрлік Павлодар облысындағы үйдің неліктен құлағанын түсіндірді Биыл Ақмола облысында 5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Бүгін жұмыс сапарымен Шахтинск қаласына барып, онда қаладағы жалғыз жылу көзі болып табылатын «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС жұмысымен таныстым. Шахан кентінің қазандығы мен желілерінің құрылысы аяқталғаннан кейін кәсіпорын кентке жылуды беруге жауапты болады. Қазіргі уақытта алда тұрған маңызды міндет, жазғы кезеңде жөндеу науқанын талапқа өткізу. Бұл үшін облыстық бюджеттен қазандықтар мен магистральдарды жаңғыртуға қажетті қаражат бөлінеді.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен таныстым. Бүгінгі күні сыртқы жұмыстар жасалып, су құбыры, кәріз, жылу, электр желілері жүргізілді. Нысан биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға тапсырылуы тиіс.

Мен өткен жылы тұрғындар айтқан автовокзалды қайта құру жұмыстарының іске асырылуын мұқият қадағалап отырмын. Ғимаратта жылыту жүйесі қалпына келтіріліп, аумақ асфальтталды. Шатыр, сумен жабдықтау және су бұру жүйелері жөнделді. Алда әлі көп жұмыстар бар. Бірақ осы жылдың қазан айында жаңартылған автовокзал пайдалануға беріледі деп жоспарлануда»,-деді облыс әкімі.

Сонай-ақ ол сөзінде қалада әлеуметтік тұрғын үйге кезекте тұрған тұрғындардың қажеттіліктері үшін төрт көппәтерлі үй салынып жатқанын, биыл кезекте тұрған азамттарға 250 пәтер берілетінін айтты.

«Сапар барысында металл өнімдерін шығаратын «Темирлайн» ЖШС кәсіпорнында болдым. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқасында зауыт өндірісті кеңейтіп, өз өнімдерін бүкіл Қазақстан бойынша сатуды бастады. Пандемия кезінде бұл қаланың экономикалық тұрақтылығына айтарлықтай әсер етті»,-деді Жеңіс Қасымбек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT