Қарағанды облысында бірқатар кадрлық тағайындау болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аппарат жиналысында өңірдегі кадрлық өзгерістер туралы айтты. Мемлекеттік органдар мен күш құрылымдарының аумақтық бөлімшелерінде жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлан Қошанов облыс активі алдында әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісін таныстырды. Бұл лауазымға 45 жасар полковник Қанат Әбілханов тағайындалды. Бұған дейін ол Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. Екі жоғары білімі бар: "инженер-механик" және "заңгер" мамандықтары бойынша. Қарағанды политехникалық институтын және Қарағанды өзекті білім беру институтын бітірген. Оның барлық еңбек жолы әскери қызметпен байланысты. Саран, Қарағанды, Шахтинск, Жезқазған және Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.null

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы болып Ербол Сырғабеков тағайындалды. Бұған дейін ол Түркістан облысындағы инспекцияны басқарды. Бұрын осы салада және республиканың басқа өңірлерінде кеден қызметінде жұмыс істеген.

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Қайрат Орқашбаев тағайындалды. Ол осы құрылымда басшының орынбасары болып еңбек етті. Қостанай облысының салық қызметінде және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау департаментінде жұмыс істеді.

Қарағанды қаласында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысы болып Нұрлан Мауқұлов тағайындалды. Ол осы департаментте басшының орынбасары болып жұмыс істеді. Бұрын облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармаларында әртүрлі лауазымдарда еңбек еткен.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР қорғаныс істері жөніндегі Қарағанды облыстық департаментінің бастығы лауазымына подполковник Жанас Құнанбаев тағайындалды. Бұған дейін ол осы департаментте бастықтың бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Әскери қызметте 2003 жылғы тамыздан бастап (келісім-шарт бойынша) қызмет атқарып келеді. Бұқар жырау, Осакаров аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерін басқарған.null

ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ішкі істер министрлігінің ұсынысы негізінде Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығы қызметіне полиция полковнигі Ерлан Файзуллин тағайындалды.

Ол 1995 жылдан бері Ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді. 2018 жылдан бастап осы қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.

null

Соңғы жаңалықтар