Қарағанды облысында бір тәуліктің ішінде 13 мас жүргізуші жазаға тартылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Полиция департаменті 21 қазанда басталған «Қауіпсіз жол» жедел алдын-алу іс-шарасы барысында 600-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Казахавтодор» ЖШС және Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының өкілдері бірлесіп, жиі жол апаты болатын қауіпті учаскелерінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша тексеру жүргізді.

Іс-шараның мақсаты жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу болып табылады.

Жол қозғалысына қатысушыларына қауіпсіздік сақтау туралы буклеттер, жадынамаларды, авариялық-қауіпті учаскелердің карталарын, т. б. тарату арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылады.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің бірінші күнінде 629 жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғасы анықталды. Жүргізушілер көбінесе қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін бұзған (61 жағдай), 46 жүргізуші рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығынан асып кеткен және 36 автокөлік иесі көлік құралын жүргізу кезінде телефонды пайдаланған. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде полиция қызметкерлері мас күйінде рульге отырған 13 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қарағанды облысының полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін бұзбауға, жылдамдық режімін сақтауға, жүріс бөлігінде сақ болуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар