Қарағанды облысында бір тәулікте төрт көлік өртеніп кетті

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 27 қарашада 4 автокөліктің өртену дерегі тіркелді. Төтенше жағдайлар Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларында болған. Өрттің себептері – электр сымдарының қысқа тұйықталуы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың басынан бері облыста барлығы 141 автокөлік өртенуі тіркелген, онда 2 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды.

«Автокөліктегі өрттің негізгі себептері отын немесе электр жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі болып табылады. Қыс мезгілінде өрт ашық отты қолдана отырып, мұздап қалған көліктерді жылыту кезінде де болады. Автокөліктің дизайнында жанғыш материалдардың көп мөлшері қолданылады. Сондықтан кез келген автокөлікте өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау қажет», - деп ескертеді Қарағанды облысы ТЖ департаментінен.

Құтқарушылар сондай-ақ автокөлік иелеріне келесі ережелерді ұстануды сұрайды:

- автокөлікті уақтылы техникалық қызмет көрсетуден өткізу;

- оның жарамды күйін үнемі қадағалап отыру, әсіресе электр сымдарына назар аудару;

- әрқашан көлігіңізде өрт сөндіргіш болуы керек, оны өзіңізге оңай қол жетімді жерде сақтаңыз;

- қыста мұздатылған бөлшектерді жылыту үшін ашық отты пайдаланбаңыз.


Соңғы жаңалықтар