Қарағанды облысында бір тәулікте 9 саяжайды от шарпыды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Сәуірдің 23-нен 24-не қараған түні Қарағанды мен Теміртау қалаларының маңында орналасқан 9 саяжайда өрт шыққан. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

23 сәуірде сағат 15:52-де Қарағандыдағы «Наука» саяжай үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жалпы алаңы 250 шаршы метрде саяжай үйі, ағаш қоршау, шөп пен қоқыстың жануы орын алған. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге ТЖД бөлімшесінен 8 маман мен 2 техника жұмылдырылған.

Сол күні сағат 17:23-те Теміртаудағы Черемушки және Алма саяжайларының аумағында да өрт шыққаны туралы хабар түсті.

«8 саяжай, оның ішінде 4-і жұмыс істеп тұрған, төртеуі иесіз, ағаш қоршаулар (700 линиялық метр), құрғақ шөп пен жалпы алаңы 5 га қоқыс өртенді. Өрт 19:37-де оқшауланып, 20:21-де жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінен 26 адам мен 6 бөлімше жұмылдырылды», - деп мәлім етті Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына ашық от көзі себеп болған.

«Саяжайда от шығуына көбінде өшірмей тастаған темекі тұқылы, сөндірілмеген өрт және басқа да ашық жалын көздері (шашлық, барбекю), жанғыш заттармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болады» дейді өрт сөндірушілер.

Қарағанды облысының ТЖД өрт қаупті кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салады.

Өрттің алдын алу мақсатында құтқарушылар үгіт-насихат және алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар