Қарағанды облысында бір тәулікте 2 бала терезеден құлап кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында өткен тәулікте балалардың терезеден құлап кетуінің екі жағдайы тіркелді. Бір жазатайым оқиға Шет ауданы Ақадыр кентінде, екіншісі Сәтбаев қаласында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 маусымда Қарағанды облысында балалардың терезеден құлауының екі жағдайы тіркелді. Бұл жайында Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.

Шет ауданы Ақадыр кентіндегі пәтердің екінші қабатындағы терезеден 2020 жылы туған қыз құлап кеткен.

Екінші жағдай Сәтбаев қаласында орын алды - 2017 жылы туған бала екінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен түсіп кетті.

Дәрігерлер балалардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Екі жағдайда да ересектер үйде, көрші бөлмеде болған.

Облыстық ТЖД ата-аналарды кішкентай балаларды қарауды күшейтуге, оларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауға шақырады.

Бала терезеге көтеріле алмайтындай етіп жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыздар, москит торларына сенбеңіздер - олар құлаудан қорғауға арналмаған.

Бөлімдегі терезелерге баланың терезені бірнеше сантиметрден артық ашуына мүмкіндік бермейтін арнайы қысқыштарды қою керек.

Егер ондай құрылғы орнатуға жағдай болмаса, тұтқаларды алып тастап, тек қажет кезде ғана қолданған жөн.

Сондай-ақ, балалармен терезенің қаупі жайлы әңгімелесу қажет.


Соңғы жаңалықтар