Қарағанды облысында биоэлектрстанция салынбақ

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жезқазғанда тұрмыстық қоқысты қайта өңдеу жобасы енгізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шетелдік инвесторлар биоэлектростанция салуға ниет білдіруде. Онда тұрмыстық қалдықтардан газ өндірілетін болады.

«Биоэлектр станциясының құрылысы» жобасын Кеңгір ауылынан 2 шақырым қашықтықта орналасқан 4,5 га алаңда іске асыру жоспарлануда. Жобаны енгізу бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді: қоқысты кәдеге жарату және ҚТҚ қайта өңдеу, "Жасыл экономика" технологияларын ілгерілету, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру», - дейді Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Орынбаев.

Жобаның тапсырыс берушісі «Kaz Green Energy» ЖШС болып табылады, ал инвестор словакиялық компания болады. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуші - «Қазақ Сантехпроект» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар