Қарағанды облысында бие сүтінен құрғақ ұнтақ алатын өндіріс іске қосылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Осакаров ауданының Дальний ауылдық округінде «ЕуразияИнвест» ЖШС-нің бие сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы іске қосылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков Осакаров ауданына сапары барысында жаңа өндіріс жұмысымен танысты. Кәсіпорынға сондай-ақ, Қазақ тағам академиясының президенті Төрегелді Шарманов та барды.

«Құны 830 млн. теңгеден асатын бұл жобаны іске асыру жылына 10 тонна құрғақ ұнтақтың өндірісін ретке келтіруге мүмкіндік береді. Бұл ұнтақ Қазақстанның азық-түлік, фармацевтивалық және косметологиялық өнеркәсібінде пайдаланып, сондай-ақ Еуроодақ елдеріне экспортталады», - делінген хабарламада. «Аймақ үшін ең бастысы - жобаның әлеуметтік аспектісі, себебі ол 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді», - деп атап өтті облыс әкімінің баспасөз қызметінен. Аталған жоба - Индустрияландыру картасына Осакаров ауданынан енгізілген үш жобаның бірі.

Соңғы жаңалықтар