Қарағанды облысында бес мыңнан астам тұрғын үй жылыту маусымына дайын

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында энергостанцияларда 18 қазандық пен 10 турбина жөнделді. Білім беру нысандарының 80%-нан астамы алдағы жылыту маусымына дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл бойғы кестеге сәйкес энергия көздеріндегі негізгі жабдықтарды жөндеу жалғасуда. Есепті күнге дейін 44 қазандық пен 26 турбинаның жылдық жоспары кезінде 18 қазандық пен 10 турбинада жөндеу аяқталды», – деп хабарлады энергетика және ТКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Нақыпбеков.

Оның айтуынша, алдағы қысқа 426 қазандық, 2114,2 км инженерлік желілер, 1126 әлеуметтік сала нысандары және 5598 тұрғын үй дайындалады. Бүгінгі күні қазандық пен инженерлік желілердің дайындығы 70,7%-ды, тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала объектілерінің дайындығы 74,8%-ды құрайды.

Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметованың айтуынша, ведомство мекемелерінің 84%-ының дайындық актілері бар, қалғандарын тамыз айының ортасына дейін алу керек.

Көмір сатып алу да жалғасуда. Өңірде барлық жылыту маусымына станцияларға, қазандықтарға және халықтың тұтынуына керек қажеттіліктер шамамен 7,5 млн тоннаны құрайды.


Соңғы жаңалықтар