Қарағанды облысында бес айда 200-ден астам есірткі қылмысы анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық полицейлер облыс аумағында өткен «Қарасора-2020» республикалық жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Есірткі қылмысына қарсы күрес - полиция бөлімшелерінің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі. Есірткі дайындаумен, тасымалдаумен, өткізумен айналысатын адамдардың қылмыстық әрекетін әшкерелеу және жолын кесу бойынша әртүрлі іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.

Бүгінгі таңда қызметтік жұмыстың өзекті бағыттарының бірі - синтетикалық есірткінің жаңа түрлерінің таралуына қарсы күрес. Осыған байланысты 1 маусым мен 30 қазан аралығында кезеңде республика аумағында кең ауқымды «Қарасора-2020» кешенді жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жедел алдын алу іс-шараларының негізгі мақсаттары мен міндеттері есірткіге байланысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесуде барлық мүдделі құқық қорғау органдары мен мемлекеттік ведомстволар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл болып табылады.

«Қарағанды облысының аумағында полиция қызметкерлері «Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезінде 219 есірткі қылмысын анықтады. Мысалы, тамыз айында Қарағанды қаласында еліміздің оңтүстік өңірлерінің бірінің тұрғыны ұсталды, оның автокөлігінің салонынан 23 кг «гашиш» табылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әбіл Әбілдин.

Оқушы жастармен профилактикалық жұмыс назардан тыс қалмайды. Жаңа оқу жылы қарсаңында «Дені сау ұрпақ – дені сау ұлт!» , «Синтетикалық есірткі – жас ұрпаққа жаңа қауіп» тақырыбында оқушыларының ата-аналарымен онлайн кездесу өтті.

Оған Қарағанды облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, «Үміт» ҚБ, Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының, Қоғамдық психикалық денсаулық орталығының және Қарағанды қаласының білім бөлімінің мамандары қатысты.

«Есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл бойынша интернетте алдын алу жұмыстарын жандандыру үшін Instagram желісінде «ANTIDRUGKRG» арнайы есірткіге қарсы парақша ашылды. Онда барлық ниет білдірушілер жобаның қызметімен таныса алады, қажетті кеңес алып, есірткі құралдарын өткізетіндер туралы хабарлайды» деп түйіндеді полиция полковнигі Әбіл Әбілдин.

Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және есірткі бизнесі саласындағы заңсыз іс-әрекетімен елге зиян келтіруге тырысатын адамдардың жолында тосқауыл болады.


Соңғы жаңалықтар