Қарағанды облысында бес әлеуметтік бастаманы бақылайтын Қоғамдық кеңес құрылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында Елбасының бес әлеуметтік бастамасының орындалуын бақылайтын Қоғамдық кеңес құрылды, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

 Оның құрамына партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, үкіметтік емес ұйымдарыдың және басқа да азаматтық қоғам институттарының өкілдері енді. Бұл республикамызда құрылған бірінші аймақтық қоғамдық ұйым. 

Кеңестің бірінші отырысы бейсенбі, 24 мамырда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өтті. 

- Осы жылдың ең маңызды шараларының бірі «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Жолдауы болды. Әр бастама - біздің азаматтардың жағдайын жақсартуға жасалатын қадам, - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов. - Бұл құжат шыққан сәттен бастап Елбасы «Нұр Отан» партиясына осы әлеуметтік бастамалардың орындалуын бақылауды тапсырды. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Президент «Нұр Отан» партиясы Ассамблеяның қатысуымен әлеуметтік бастамалардың жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау жасайтынын атап айтты». 

null

Қарағанды аймақтық кеңесі төрағасы ретінде облыстық мәслихат депутаты Серғазы Әдекенов тағайындалды, хатшысы - «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Бағыжан Сәдірбекова. Келешекте нақты бағыттармен айналысатын жұмыс топтары құрылатын болады. 

Облыста қазірдің өзінде әрбір әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шағын несиелеуге 2018-ші жылы аймақта 5,7 млрд теңге қарастырылған. Студенттер қауымы арасында жатақханаға мұқтаждардың қажеттіліктері анықталған. Олардың саны 2700 орыннан асады. Биылғы жылы колледждердің жатақханаларына арналып үш ғимарат қайта қалыпқа келтіріледі. 2019-шы жылы 4 студенттік жатақхана салу жоспарланып отыр. 

Газдандыру жобасы - Қоғамдық кеңес мүшелерінің назарында. Себебі газ құбырының басым бөлігі Қарағанды облысы арқылы өтеді. 

Газ саласының ардагері Геннадий Овчаров «ҚарағандыОблГаз» мамандандырылған кәсіпорнын құруды ұсынды. Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Николай Абт газ саласына қажетті құрылғыларды жасап шығара алатын жергілікті зауыттардың мүдделерін алға тартуға кеңес берді. 

- Біз сөзден іске ауысып, жең түре кірісуді бастадық деп айтуға болады. Біздің алдымызда қыруар жұмыс тұр. Бүгін де көптеген жақсы пайдалы ұсыныстар жасалды. Оларды жүзеге асыра бастаймыз, - деп қорытындылады Ерлан Қошанов. - Қоғамдық кеңес тек Елбасы бастамаларының орындалуын ғана бақылап қоймайды. Ең бастысы - барлық күштерді біріктіру және әр бағыттың орындалуына жауапты құрылымдарға нақты көмек көрсету». 

Соңғы жаңалықтар