Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.09 EUR 426.71
RUB 5.72 CNY 55.99
Jańalyqtar

Қарағанды облысында бес адамға оқ атқан күдікті тұтқындалды

2018 жылғы 16 мамыр 17:54 164
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында бес адамға оқ атқан күдікті тұтқындалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында сот Теміртауда бес адамға оқ атқан күдіктіні тұтқындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Күдікті деп танылған Теміртау қаласының 20 жасар тұрғынының ісі бойынша тұтқынға алуға санкция шығарылды, - деп хабарлады Теміртау қаласы сотының баспасөз қызметі.

Күдікті сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Еске сала кетейік, 10 мамыр күні Қарағанды облысының Теміртау қаласында атыс салдарынан 18 бен 25 жас аралығындағы 5 жас жігіт ауруханаға жеткізілген. Қаланың 20 жасар тұрғыны жігіттермен сөзге келіп қалғандықтан, оқ атқанын мойындады. Аталмыш факті бойынша, ҚР ҚК "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейін тергеу басталып кетті.

Айта кетейік, Теміртау қаласында бес адамға оқ атты деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталған болатын. Бұған дейін дәрігерлер атыстан жапа шеккен азаматтардың хал-жайы туралы хабарлаған

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT