Қарағанды облысында «Батырлар саябағы» ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Биыл Қарағанды облысында Нұркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдығы кеңінен аталып өтілуде. Кеңес Одағының Батырларына арналған іс-шаралардың бірі Ақтоғай ауданында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының Сәуле ауылында Қазбек Нұржанов атындағы мектепте «Даңқ» залы және ІТ-сынып ашылды. Ал Нұркен ауылында «Жастар саябағы» пайда болды, Н. Әбдіров атындағы мектепте шеберхана жасақталды. Мектеп мұражайында «Рухани жаңғыру» тақырыбында сабақ өтті.

Сондай-ақ, қайта жөндеуден кейін ауданда «Батырлар саябағы» ашылды. Оның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Салтанат Әбеуова қазіргі жастар мен болашақ ұрпақ өз ата-бабалары мен батырларын ұмытпай, олардан үлгі алуы керектігін атап өтті.

Шараға қатысушылар «Тарих тағылымы» саябағындағы Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Нұркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановты еске алуға арналған іс-шаралар «Қос батыр – қос қыран» концерттік бағдарламасымен аяқталды. Концертте кейіпкерлердің ұрпақтары сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар