Қарағанды облысында бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Инфекция жұқтырған адамдарда «қызыл» және «жасыл» мәртебелер қанша уақыт және қандай жағдайларда сақталады? Қарағанды облысының мектептері, колледждері, университеттері мен мектепке дейінгі мекемелері қалай жұмыс істейді?

Қарағанды өңірінде облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысы шықты. Оған сәйкес, оқытудың келесі форматтары анықталды:

- ата-аналардың өтініштері бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында штаттық форматта тәрбиелеу және оқыту;

- жалпы білім беретін мектептерде штаттық форматта оқыту:

- бастауыш 1-4 сыныптар (халықаралық мектептердегі 1-6 сыныптар);

- 600 оқушыға дейін қоса алғанда;

- мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемесі бар 600-ден астам оқушы;

– ЖОО мен колледждерде аралас форматта оқыту - практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, икемді кесте бойынша штаттық режимдегі өндірістік практика, дәрістер онлайн;

- мектептен тыс ұйымдарда штаттық форматта оқыту;

-«Ashyq» жобасына қатыспайтын балалар түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын топты толтырған кезде жұмыс істейді.

Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына қатыспай, сауда алаңы 6000 шаршы метрге дейінгі сауда желілерінің (азық-түлік) қызметіне рұқсат етіледі.

Бұл ретте, COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар базада тіркелген адамдарда, «жұқтырылған» - «қызыл» мәртебесі бар пациенттерде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін сақталатынын хабарлаймыз. 10 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуға қарамастан, 3 ай бойы сақталатын «жасыл» мәртебеге ауыстырылады;

- COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар (COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған сәттен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) вирус жұқтырған адамдарда «қызыл» мәртебе оң нәтиже алған сәттен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады;

- «сары» мәртебесі бар адамдар (немесе жақын байланыста болған адамдар) COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң «көкке» ауыстырылады;

- COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар (байланыс күнінен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) науқаспен байланыста болған адамдарда «сары» мәртебесі COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады;

- байланыста болған адамдарда COVID-19 белгілері болмаған кезде және ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болған кезде, сондай-ақ соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарда «жасыл» мәртебе сақталады.

Алғашқы оң тестілеуді алған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған жағдайда, «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің алғашқы оң нәтижесін алған күннен бастап 10 күн ішінде сақталады.

Бизнес объектілері қызметінің алгоритмдеріне өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз, осыған байланысты мүдделі тұлғалардан қаулының толық мәтінімен Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында, сондай-ақ COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК телеграмм-арнасында танысуды сұраймыз.

Сайт сілтемесі:

https://beta.egov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda?lang=kk

ВАК телеграм-арнасының сілтемесі:

https://t.me/MVK_kz_Covid19.

Қаулы қол қойылған кезінен бастап күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар