Қарағанды облысында баллондағы газ бағасы төмендейтін болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қазір өңір билігі кейбір газ желісі ұйымдарымен бірлесіп, балонды газ бағасын төмендету туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook парақшасында баллон газының бағасын төмендету бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы жазды.

«Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Баллондардағы газдың бағасы бойынша көптеген өтініштер түсуде. Шынында да, қазір тек автомобиль газының бағасы белгіленді. Сондықтан, біз кейбір газ желісі ұйымдарымен бірлесіп, баллон газының да бағасын төмендету туралы шешім қабылдадық.

Бүгінгі күнде 8 компания тарапынан түсіністік бар. Олар – «AlemGaz» ЖШС, «Темір-Газ», «УГХ ГАЗOIL», «Хантер АГЗС», «Автогаз Трэйд», «С-Мұнай», «KazEcoGaz LTD17» және «Алпамыс Атырау». Бұл компаниялар газды литріне 70 - 105 теңгеден сатуда.

Мысалы, Қарағандыда «AlemGaz» ЖШС баллондарды 1 500 теңгеден 3 000 теңгеге дейін жеткізу бағасынсыз сатуды бастады. Теміртауда 25 литрлік баллон 2 500 теңге, 50 литрлік баллон 5 000 теңге тұрады. Жезқазғанда балонды газдың бағасы 130 теңгеден 88 теңгеге дейін төмендеді. Балқашта баллон газының бір литрі 85 теңге тұрады.

Осы компаниялардың басшылығына түсіністік пен әлеуметтік жауапкершілік үшін алғыс айтамын. Баллонды газ бағасын төмендету бойынша жұмыс барлық өңірлерде басқа компаниялармен де жалғасады», – деп жазды Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook парақшасында.


Соңғы жаңалықтар