Қарағанды облысында балаларға әлеуметтік көмек беріле бастады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы тұрмысы төмен отбасыларының балалары үшін кепілді әлеуметтік пакеттер бере бастаған елдегі алғашқы өңір болды.

Приозерск, Балқаш қалаларында және Бұқар Жырау, Ақтоғай аудандарында 232 отбасының 308 баласы көмек алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпан айының соңына дейін мемлекеттен 1-ден 6 жасқа дейінгі 3 900 балаға әлеуметтік жинақ беріледі деп жоспарлануда. Олар атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға ғана беріледі.

Кепілді әлеуметтік пакет – бұл мектеп жасына дейінгі балаларға тұрақты көмек, барлық оқушылар үшін тегін ыстық тамақ, оларды оқу құрал-жабдықтарымен және формасымен қамтамасыз ету, медициналық, соның ішінде стоматологиялық көмекті төлеу, қоғамдық көлікте жол жүру шығындарын өтеу.


Азық-түлік жиынтығы балалардың жас санатына байланысты өз құрамы бойынша ерекшеленетін болады: 1-ден 3 жасқа дейін және 3-тен 6 жасқа дейін. Бірақ әлеуметтік пакеттің құрамы әр аймақта бірдей болады.

Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақ өнімдерімен және тұрмыстық химия тауарларымен қамтамасыз етіледі.
Азық-түлік себетінің құрамы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша әзірленген. Оны АӘК тағайындау кезеңінде айына бір рет беретін болады.


Жинақтар баланың күндізгі тамақтану рационын қамтамасыз етуге арналмаған, олардың мақсаты – өсіп келе жатқан ағзадағы витаминдердің жетіспеушілігін өтеу.

Бұдан басқа, тоқсанына бір рет аз қамтылған отбасылардағы әрбір балаға (1 жастан 6 жасқа дейін) гигиеналық құралдар жиынтығы ұсынылады. Егер отбасында төрт бала болса, онда оларға төрт азық-түлік жиынтығы және сонша гигиеналық жиынтық берілуі тиіс.

Әр өңір әлеуметтік пакетті жеткізіп береді немесе арнайы пункттер арқылы ұйымдастырады.

6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілді әлеуметтік пакет төрт бөліктен тұрады: мектептерде ыстық тамақ, мектеп формасы, мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және қалалық көлікте жол жүру құнының 50%-ын өтеу.

Мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен балалар жылына бір рет қамтамасыз етілетін болады. Бұл оқу жылы басталар алдында тамыз айында берілетін сатып алу сертификаттары болуы мүмкін.

Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетіледі.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, оның ашық әділетті әрі еңбекке ынталандыруын қамтамасыз ету мақсатында атаулы әлеуметтік көмек тетігі қалыптастырылған болатын. Мемлекеттік көмектің жаңа шаралары 2020 жылдың 1 қаңтарынан жүзеге асырыла бастады.


Соңғы жаңалықтар