USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Қарағанды облысында балалар спортына миллиардтан астам теңге бөлінді

2021 жылғы 29 қараша 17:46
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында балалар спортына миллиардтан астам теңге бөлінді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында балалардың спорт мектептеріне тегін кіруіне миллиардтан астам теңге бөлінді. Жан басына қаржыландыру жобасы спорттың 17 түрі бойынша секцияларға 5 мыңнан астам жас қарағандылықтарды тартуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында бес жаңа емхана ашылады Қарағандылық биатлоншы Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға лицензия ұтып алды Қарағанды облысының 8 ауданында мектептердегі сабақ тоқтатылды

Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Дене шынықтыру мен спорттың қолжетімділігі жаңа спорт алаңдарын салу есебінен қамтамасыз етіледі. Биыл облыста 13 ірі спорт нысаны салынып жатыр. Олардың төртеуі аяқталып келеді. Олар: Ұлытау ауданының Қарсақпай ауылындағы ДСК, Жаңаарқа ауданының Жаңаарқа кентіндегі бассейн, Нұра ауданының Нұра кентіндегі көпфункционалды спорт кешені және Қарағандыдағы Қ. Байшолақов атындағы спорт кешені.

Оқушы орындарының тапшылығы мәселесі де шешілуде. 2025 жылға қарай облыста 17 мектеп салынады. Олардың төртеуі биыл салынады.

166 ауылдық мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылға дейін тағы 299 оқу орнын жаңғырту жоспарда бар.

– Бүгінгі күні халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар қашықтықтан және дербес жұмыс форматында оқыту үшін компьютерлік техникамен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған», – деді өңір басшысы.

Облыста ерекше балаларды әлеуметтік қолдауға көп көңіл бөлінеді. Келесі жылы аутистік спектр бұзылысымен балаларға арналған оңалту орталығы ашылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT