Қарағанды облысында балағат сөз айтқан әкім жауапқа тарылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысында жоспардан тыс тексеру жүргізіп, ауылдық округ әкімінің қызметтік әдеп ережесін бұзғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұдан бұрын Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында жұмыс істейтін бас маманның шағым түсіруіне байланысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, Қизат Сағатбековтің қызметтік әдеп ережесін бұзғаны анықталды», - деп мәлімдеді мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Дәурен Оразбаев.

2018 жылдың 16 сәуірінде Қизат Сағатбеков жұмыс уақытында бас маманмен әңгімелесу кезінде дауыс көтеріп, бейәдеп сөздер айтқан.

Қызметтің тексеру барысында ауылдық округтің әкімі қызметтік әдеп ережесін бұзғанын мойындады.

Осылайша, Қарқаралы ауданы Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің әрекетінен ҚР Әдеп кодексінің 9-тармағы 7-тарақшасы және 5-тармағы 2-тармақшасын бұзу белгілері байқалды. 

Соңғы жаңалықтар