+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қарағанды облысында әйел адамның өртелген мәйіті табылды

2019 жылғы 14 қараша 14:31
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында әйел адамның өртелген мәйіті табылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде «ізін суытпай» екі аса ауыр қылмысты ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда көпқабатты үйдің ауласында ер адамды атып өлтірген күдікті іздестірілуде Елорданың тәртіп сақшылары 80 келі марихуана сатпақ болған күдіктіні қолға түсірді Қазақстанда педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады

13 қараша күні Жаңа Дубовка кентінен 2 шақырым жерде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар әйел адамның өртенген мәйіті табылды.

Алдын-ала тергеу барысында жәбірленушінің тұлғасы анықталып, оның 42 жастағы Абай ауданының тұрғыны екені белгілі болды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағына (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында облыстық Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің қырағы іс-қимылының арқасында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол сөзге келіспеушілік барысында жәбірленушіге дене жарақаттарын келтіргенін және қылмыстың ізін жасыру мақсатында өзінің 21 жастағы танысымен бірге мәйітті өртегенін мойындады.

Қазіргі уақытта басты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сыбайласына қатысты бұлтартпау шарасын қолдану қарастырылуда.

Сондай-ақ, осы күні Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері үкеншіге қарақшылық шабуыл жасаған 52 жастағы Нұра кентінің тұрғынын ұстады. Ол 57 жастағы дүкеншіні тонау үшін пышақ кезеген.

Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192-бабы 1-тармағына (қарақшылық шабуыл) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT