Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Қарағанды облысында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтіп жатыр

2019 жылғы 19 маусым 15:00 608
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтіп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 17-22 маусым аралығында Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығының полигон базасында Жастар жылы аясындағы бесінші республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Сондай-ақ әскери полигонға Қорғаныс министрі, генерал-майор Нұрлан Ермекбаев, Парламент депутаттары, Қарағанды облысы әкімдігінің басшылығы, Қарулы Күштер ардагерлері мен шақырылған қонақтар жиналды. 

Шара басталар алдында ел Президенті - Жоғарғы Бас Қолбасшы дала лагеріне, «Айбын» достық мекені аллеясына, Жастар алаңына, оқу орындарына, атыс қаруының, әскери техника үлгілері мен басқа да техникалық құралдардың көрмесіне барды.

Жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті ашылатын іс-шараның маңызын атап өтті. Сонымен қатар, ол бесінші республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Жастар жылы аясында өткізілетінін атап өтті.

«Отанымызға адал, жауапкершілігі жоғары, қайратты және қайсар жастарымыздың басын қосқан бұл жиынның мән-маңызы айрықша. Біз Тәуелсіз еліміздің бүгінгі жастарына әрқашан зор үміт артамыз, сенеміз. Қазақстанның әрбір жетістігі өздеріңіз сияқты жас өрендердің алаңсыз, жарқын келешегі үшін жасалған қадам. Бүгінде елімізге барша әлем қауымдастығы құрметпен қарайды. Мемлекетіміз қарқынды дамуда. Мұның барлығы тарихи тұрғыдан алғанда қысқа мерзімде атқарылған табанды еңбектің нәтижесі. Еліміздің абыраойын арттыру сіздердің Отан алдындағы қастерлі борыштарыңыз. Жақсы дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны - отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелеріндегі әскердің өсіп келе жатқан рөлін есепке ала отырып, республикалық әскери-патриоттық жиын өскелең ұрпақтың бойында Отанымызды қорғауға дайын ел азаматының жоғары патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Қарағанды облысында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтіп жатыр 

Жиынның басты мақсаты - Қазақстан Республикасында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру, әскери қызметті насихаттау және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыру.

Қарағанды облысында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтіп жатыр 

Жиын барысында жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, сенімділікті және жоғары адамгершілікті қалыптастыру бойынша идеологиялық жұмыс жүргізілетін болады. Әскери-қолданбалы спорт түрлері мен жауынгерлік даярлық пәндері бойынша жарыстар, әскери-далалық тактикалық ойын, әскери техника көрмесі, өңірлердің әскери-патриоттық клубтарының, әскери-патриоттық клубтары дайындаған ұшақ, кеме үлгілері, әскери техника, әскери-патриоттық клубтары дайындаған әскери техника, қазақстандық жауынгерлер шайқасқан жерден іздеу топтарының экспонаттары, «Айбын дарыны»  және «Менің роботым» байқаулары өтеді. Сондай-ақ концерттер ұйымдастыру, фильмдер көрсету, алау жанында кеш, интерактивті концерт, спорттық ойындар және тағы да басқа сол секілді мәдени-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады.


Қарағанды облысында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтіп жатыр 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT