+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Қарағанды облысында ауыз суға қатысты 90 жоба жүзеге асырылады

2020 жылғы 26 қазан 21:52
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында ауыз суға қатысты 90 жоба жүзеге асырылады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында 2022 жылға қарай қала тұрғындарын толықтай орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мақсаты қойылған. Ауылдық елді мекендерде 2023 жылға қарай жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізу көзделып отыр. Биыл бұл міндетті орындау үшін өңірде 90 жоба жүзеге асырылады. Сумен қамтамасыз етудің 25 жаңа нысаны салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайы мен әлеуеті талқыланды.

«Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында Қарағанды облысында 2019 жылы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар бойынша сумен жабдықтау және су бұру бойынша 31 жоба іске асырылды. Елді мекендерде 295 шақырым су құбыры және кәріз желісі салынды және қайта жаңартылды, су құбыры желісінің тозуы 67%-ға дейін, кәріз желісінің тозуы 78%-ға дейін төмендеді, 11 нысан пайдалануға берілді. 2020 жылы «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы жол», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары бойынша 90 жобаны іске асыруға қаражат бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 380 шақырымнан астам су құбыры мен кәріз желісін салу және қайта жаңарту, 76,8 шақырым желіге ағымдағы жөндеу жүргізу және 25 нысанды пайдалануға беру жоспарланған», - деп баяндады Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов.

Тоғыз айда 274 шақырым желі салынды және қайта жаңартылды.

Оның айтуынша, осы жылғы жобаларды іске асыру сапалы сумен қамтамасыз етуге қолжетімділікті қалаларда 98%-ға дейін, ауылдық елді мекендерде 89,9%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Алдағы үш жылға жоспарлар жасалуда. Республикаға тағы 27 жобаға өтінім берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 45 басым ауыл іріктеліп алынды, олардың алтауында жұмыстар басталды.

200-ден аз адам тұратын ауылдарда суды блок-модульдік тазарту кешендерін орнату жоспарлануда. Оларды құрастыру және пайдалану оңай, қажет болған жағдайда жабдықты бір жерден екінші жерге ауыстырудың еш қиындығы жоқ.

Сондай-ақ, жаңа ұңғымалар салу мүмкіндігі үшін жерасты суларына қосымша барлау жүргізіледі.

Облыста ескірген тазарту құрылыстары мәселесін шешуге кірісті. Биыл Ұлытауда тазарту құрылысын, Абай мен Қарабаста кәріз сорғы стансаларын салуды аяқтау жоспарланып отыр. Қарқаралы ауданының Қарағайлы кентінде және Ақтоғай ауылында нысандардың құрылысы кезекте тұр.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек алдағы бірнеше жылда өңірде ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығының көмегімен 7 кәріз-тазарту құрылыстарын салу жоспарланғанын хабарлады.

«Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету - жергілікті билік органдары жұмысының маңызды басымдықтарының бірі. Сумен жабдықтау нысандарын салу және жөндеу барысын қатаң бақылау болады. Сонымен қатар, экологиялық заңнама талаптарын сақтау - тазарту қондырғыларын қарастыру қажет», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Жеңіс Қасымбек Жезқазған өңірінде Есқұла су тартқышын салу және Балқаштағы Тоқырау - Саяқ су тартқышын реконструкциялау бойынша жобалардың іске асырылуы ерекше бақылауда екенін еске салды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT