Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы колледжінің студенттеріне жатақхана салынады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының әлеуметтік бес бастамасының аясында Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 2019 жылы 100 адамдық жаңа жатақхананың құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өтуге облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Байқау жарияланды. Құрылыс 2019 жылы басталады деп жоспарланған. Құрылыстың нақты сомасы әлі анықталмады. Мемлекеттік сараптама нәтижелерін күтіп отырмыз. Колледжді тұрғызумен құрылыс басқармасы айналысады. Біз тек басқармаға жатақханаға мұқтаж екендігімізді жеткізіп, өтініш жазамыз.», - деді Қарағанды облысы білім басқармасының материалдық-техникалық дамыту бөлімінің басшысы Рауан Райымбек.

Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруалышық колледжінде 325 студент оқиды. Көбісі ауданға шалғай ауылдардан, тіпті өзге облыстардан да келіп оқып жатыр.

Жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуге 15 миллион теңге бөлінді. Жатақхананың құрылысына колледж маңынан жер бөлінді. Келешекте бұл жерде жергілікті колледждің 100 студентіне арналған 4 қабатты жатақхана болады.

Сонымен қатар, болашақта Қарағандыдағы көлік-технология колледжінің студенттеріне арналған жатақхана құрылысы басталады. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мен Медициналық академияның колледждерінің студенттері үшін де жатақханалар салынады. Қарағанды облысында жалпы 70-тен астам колледж бар.

Соңғы жаңалықтар