Қарағанды облысында ауыл кәсіпкерлерін несиелендіруге 4 млрд теңге бөлінді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында биыл Қарағанды облысында 6,1 млрд теңге қарастырылған. Оның 4 миллиардтан астамы ауыл тұрғындарына беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында мемлекеттік қолдау шағын және орта бизнестің дамуына үлкен септігін тигізді. Бұл салада соңғы жылдардағы ең үлкен көрсеткіштер байқалуда. Өндіріс 21% астам жоғарылады, жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 6% артты, ал жұмыс орындары 6,4% көбейді.

«Бизнестегі жаңа қатысушылардың белсенділігі тіркелген субъектілердің саны артқанын көрсетуде. Аталмыш көрсеткіш облыста 1,7% артты. Ол Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында шағын несиелеудің кеңеюімен байланысты болып отыр», - деп мәлімдеді Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаева облыс әкімдігінде өткен отырыс барысында.

2019 жылы облыс тұрғындарына 1500 шағын несие берілетіні жоспарлануда. Қаржылай қолдаулар Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша да беріледі. Елбасының 4-ші әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруға биыл 6,1 млрд теңге қарастырылған. Бұл соманың 4 млрд теңгеден астамы ауыл тұрғындарына арналған.

Қолдау шаралары өңірде құрылған моноқалалардағы бизнесті дамытуға бағытталған Микроқаржылық ұйымның арқасында арттырылатыны күтіледі. Ірі компаниялардың арқасында оны 1 млрд теңгеден астам қаражатқа қорландыру жүзеге асырылады. Бұл, шамамен 200 стартап-жобаны қолдауға мүмкіндік береді.

Татьяна Аблаеваның айтуынша, облыста «Бизнес-мектеп» және «Бизнес бастау» жобалары бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді оқыту жалғастырылады.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы бойынша 1,5 млрд теңге бөлінген. Бұл тағы 250-ден астам жобаға екінші деңгейлі банктің пайыздық мөлшерлемесін төмендетуге мүмкіндік береді.

«Шағын және орта бизнесті дамыту көрсеткіштері бойынша әкімдердің жұмысы бағаланады. Сіздер бұл үшін жауап бересіздер. Жергілікті жерлерде көмек көрсету үрдісі «қолмен басқару» қағидасы бойынша қойылуы тиіс», - деп атап өтті облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Соңғы жаңалықтар