+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Қарағанды облысында ауыл әкімдеріне дауыс беру 149 сайлау учаскесінде өтіп жатыр

2021 жылғы 25 шілде 07:50
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында ауыл әкімдеріне дауыс беру 149 сайлау учаскесінде өтіп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында бүгін, 25 шілдеде таңғы жетіде сайлау учаскелері ашылды. Ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы 149 елді мекенде өтіп жатыр. 81 мыңнан астам сайлаушы өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асыра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында 300-ден астам жас дәрігер баспанамен қамтамасыз етілмек Қарағанды облысында КВИ-мен сырқаттанушылық біршама төмендеді Балқашта «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» фестивалі өтті

Алғаш рет ауыл әкімдерін бұрынғыдай мәслихат депутаттары емес, тұрғындардың өздері таңдайды. Сонымен қатар, бюллетеньдерде «барлығына қарсы» деген жаңа баған пайда болды.

Сайлау учаскелері карантин талаптарын ескере отырып дайындалған. Міндетті талаптар – бетперде, қолғаптар және антисептиктер. Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін еденге белгі қойылды.

Сайлау комиссияларының мүшелері коронавирус инфекциясына қарсы егілді. Бақылаушылар теріс ПТР тестін ұсынды. Кіреберісте келушілердің температурасы өлшенеді.

Облыс бойынша 75 ауыл әкімі сайлануы тиіс – бұл олардың жалпы санының үштен бір бөлігі. География барлық тоғыз ауданды, сондай-ақ бес қаланың - Шахтинск, Балқаш, Жезқазған, Саран, Қаражал кенттерін қамтиды. Нұра ауданында ең көп сайланбалы орын қарастырылған – 10. Тоғыз әкім Бұқар Жырау және Шет аудандарында, сегіз әкім Қарқаралы және Осакаров аудандарында сайланады.

Ауыл әкімі лауазымына 257 кандидат үміткер болып отыр: 81 адам саяси партиядан және 176 өзін-өзі ұсынушылар. Орташа бәсекелестік – бір орынға 3,4.

Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге 15 аумақтық және 149 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

Дауыс беру аяқталып, дауыстарды санағаннан кейін сайлау қорытындылары үш күн ішінде шығарылуы тиіс. Сайлау өткізілгеннен кейін жеті күн ішінде аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімді тіркейді, содан кейін ол өз өкілеттігіне кіріседі.

Ауыл әкімдері төрт жылға сайланады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті 2020 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы айтқан болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 25 мамырда «Қазақстандағы сайлау туралы» Конституциялық заңға түзетулерге қол қойды.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT