Қарағанды облысында аударылған автобус жолаушылары айтарлықтай зардап шекпеген

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ­ҚазАқпарат - Жолда аударылып қалған рейстік автобустың салонында болған 20 жолаушы Қарағанды сапаржайына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ешкім айтарлықтай жарақат алмаған, алайда кейбірінің денелері көгерген, аздап сырылған. Өйткені автобус аударылған кезде оларды жан жаққа лақтырып жіберген. Осы апат салдарынан бәріміз қорқып қалдық», - дейді қаларалық рейстің жолаушысы Сәуле.
 

Оның айтуынша, оқиға орнына полиция тез келіп жеткен әрі адамдарды Қарағандыға жеткізуді жедел ұйымдастырған.
 Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтың мәлімдеуінше, жолаушыларды эвакуациялауды осы автобус тиесілі «Автопарк № 3» ЖШС-ның техникалық қызметі жүзеге асырған.

«Жолаушылар мен олардың жүктері Қарағанды вокзалына жеткізілді. Ешкім құрбан болмады», - дейді Бақытжан Құдияров.

Еске сала кетсек , 9 ақпан күні күндіз Қарағанды облысы Шет ауданы Қарамұрын ауылы маңындағы тас жолда рейстік жолаушылар автобусы жол жиегіндегі жыраға аударылды.

Оқиға Қаражал мен Қарағанды арасындағы күре жолда орын алды.  Салонда  болған бес бала мен 15 ересек жолаушы зардап шеккен жоқ. 

Соңғы жаңалықтар