Қарағанды облысында астық жинау науқаны басталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының үш ауданында астық жинау науқаны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абай, Жаңаарқа және Нұра аудандарының бірнеше шаруа қожалықтары астық жинауға кірісті. Қалған аудандарда бұл іс ауа райына байланысты әзірге тоқтатылып тұр. Қыркүйектің алғашқы он күнінде облыс бойынша түгелдей астық жинай бастаймыз», - деді Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов.

Басқармада мәлім еткендей, биыл 1 гектардан орташа есеппен 11 центнер жинау жоспарланған. Өткен жылы бұл көрсеткіш сәл төмен болған, яғни 1 гектардан орташа есеппен 10,6 центр жиналған.

Еске салайық, Қарағанды облысында егіс науқаны басталғалы 824,2 мың гектарға дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егу жоспарланған еді: оның 615,9 мың гектарына бидай, 20,35 мың гектарға сұлы болған. 

Соңғы жаңалықтар