Қарағанды облысында Ashyq жүйесімен 1 700-ден астам бизнес нысаны жұмыс істейді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында Ashyq жүйесіне сауда үйлері мен автовокзал қосылды. Бүгінгі таңда өңірде келушілердің мәртебесін анықтайтын қосымшамен 1 721 бизнес нысаны жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша, облыста Ashyq 65 сауда-ойын-сауық орталығында қолданылады. Ғимаратқа кіру – «жасыл» және «көк» мәртебелері арқылы ғана рұқсат етіледі.

Қосымшаның арқасында маусым айынан бастап «қызыл» мәртебесі бар 228, «сары»мәртебесі бар 401 келуші анықталды.

«Кіре берісте Ashyq арқылы күзетшілер барлық келушілердің мәртебесін тексереді. Егер жолаушыда қосымша орнатылмаған болса, онда ЖСН тіркеу қажет. Сондай-ақ, Ashyq әр тасымалдаушы компанияның автобустарында бар», – дейді Қарағанды автовокзалы директорының орынбасары Гүлнәр Мұқатова.


Соңғы жаңалықтар