Қарағанды облысында «Алтыналмас» зауыты жыл соңына дейін Доре қорытпасынан 2,5 тонна алтын өндірмек (ФОТО)

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Алтыналмас» АК» АҚ 2015 жылы Қарағанды облысындағы «Пустынное» кен орнындағы кәсіпорында Доре қорытпасынан 2,5 тонна алтын өндірмек. Бұл туралы компаниядан хабарлады.

«Пустынное» жобасы бойынша 2014 жылдың желтоқсанында осы атаумен жұмыс істеп отырған кен орнында алтынды кенді қайта өңдеуден бастап Доре қорытпасынан өндіруге дейінгі бүкіл циклды қамтитын заманауи кен-металлургия кәсіпорны іске қосылды. Жобаның өндіру және қайта өңдеу қуаттылығы жылына 2 млн. тоннаны құрайды. Жоба кенді карьерлік әдіспен өндіруді қарастырады, бұл төмен операциялық шығындарды қамтамасыз етеді. Өндірілген кенді қайта өңдеу технологиясы - тікелей циандау. Құрылысқа құйылған инвестициялар 140 млн. АҚШ долларынан асты», - деді компанияда.

Жоба Индустрияландыру картасына енгізілді.

2014 жылдан бастап компания Доре қорытпасының бүкіл көлемңн ішкі нарықта сатып жүр. Өнім Астанадағы «Тау-Кен Алтын» ЖШС-нің аффинаж зауытына жеткізілуде.

«Тауар өнімдерін шығару бойынша жоспарлық көрсеткіштердің орындалуын есепке ала отырып, 2015 жылы компания аффинажға Доре қорытпасынан 3500 келі алтын, соның ішінде «Пустынное» жобасы бойынша 2480 келі алтын сатады», - деп ақпараттандырды компаниядан.

Кәсіпорынның мәліметтерінше, «Пустынное» жобасы іске қосылған соң 450-ден астам жұмыс орны ашылды. Және негізінен Қарағанды облысының тұрғындары жұмысқа орналастырылды. «Пустынное» жобасы бойынша жерді пайдаланушының аймақты әлеуметтік дамытуға әлеуметтік төлемдері 2015 жылы 6 млн. жуық теңгені құрады.

2016 жылы компания пайдаланып отырған кәсіпорындары соңына дейін барлау арқылы шикізат базасын дамытуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ технологияларды жаңғырту бойынша жұмыстар белгіленген.

«Алтыналмас АК» АҚ Қазақстан Республикасында атақты алтын шығарушылардың бірі болып табылады және алтын кенді нысандарында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асырады. Ол Жамбыл облысындағы Ақбақай өңірінің кен орындарын және Қарағанды облысындағы Пустынное кен орнын қамтиды.

Соңғы жаңалықтар