Қарағанды облысында алты жасар бала 4-қабаттағы терезеден құлап кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында алты жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

23 шілде күні Сәтбаев қаласында үлкендердің қарауынсыз қалған 2013 жылы туған бала 4-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды.

Биылғы жылы бұл Қарағанды облысында тіркелген 11-інші жағдай.

Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері балалардың терезелер мен балкондардан құлап кетуіне жол бермеу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін еске салады:

- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау;

- бала терезеге көтере алмайтындай жиһаздың барлық түрлерін терезеден ары қарай жылжыту;

- ешқашан москит торына сенім артпаңыз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған;

- терезеге балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштер орнатыңыз;

- терезелерге немесе терезе ойықтарына торлар орнатыңыз;

- ашық терезенің жанында болу қаупі туралы балалармен әңгіме жүргізіңіз;

- егер бекіткіш құрылғы немесе тор орнату мүмкіндігі болмаса, терезенің тұтқасын алып тастаңыз да, оны қажет болған жағдайда ғана пайдаланыңыз.

Соңғы жаңалықтар