Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 5 түрі қымбаттады. Бұл - негізінен өңірде өндірілмейтін өнімдер, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда қарақұмық 300-ден 405 теңгеге дейін, қант 158-ден 284 теңгеге дейін, ал сұйық майдың литрі екі есе, яғни 325-тен 700 теңгеге дейін қымбаттады.

Бағаға негізінен пандемия және әлемдік нарықтағы қымбатшылық әсер етеді, дейді мамандар.

Дегенмен, облыстың тұрақтандыру қорында 313 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сақталуда.

Алдағы күндері тағы 272 тонна қант сатып алынады. Бұл өнімдер бағаны тұрақтандыру мақсатында халық көп шоғырланған қалаларға, облыс аудандарының дүкендеріне жеткізіледі.

Өңірде картоп пен сәбіз де қымбаттады. Егер картоптың құны 400 теңгеден асатын болса, қазір оның бағасы 190 теңгеге дейін төмендеді, өйткені оны елдің оңтүстік өңірлерінен жеткізе бастады.

Сәбіз бағасы 500 теңгеден астам болатын. Алайда бүгінгі күні құны 320 теңгеге дейін төмендеді.

- Бүгінгі таңда бағалар оңтүстік өңірлерден тауарлар жеткізілімінің артуына байланысты төмендеуде. Бағаның төмендеуіне әкелетін бәсекелестік бар. Міне, шілденің екінші жартысынан, 20-нан бастап, өзіміздің тауар өндірушілер өз өнімдерін шығара бастайды, - дейді Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов.


Соңғы жаңалықтар