+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Қарағанды облысында ақтүтек боранда адасып кеткен шопан табылды

2020 жылғы 16 қаңтар 13:18
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында ақтүтек боранда адасып кеткен шопан табылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат –Балқаш қаласының маңында құтқарушылар жоғалған ер азаматты іздеп тапты. Кеше күндіз Қоңырат кентінің жанында орналасқан қыстақта боранға қарамастан малын іздеуге кеткен шопан жоғалып кеткен еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 қаңтар сағат 21:00-де Балқаш қаласы Қоңырат кентінің маңында іздестіру-құтқару жұмысы жүргізілді. 1957 жылы туған ер адамның туыстары алаңдаушылық білдіріп, жедел желіге хабарласқан. Ол шамамен 14:00-де шаруа қожалығынан шығып, малын іздеуге аттанған.

Іздестіру жұмыстарына Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелері және жоғалған адамның туыстары атсалысты. Бұл шараға барлығы 15 адам мен 5 техника жұмылдырылды.

22:40-та ер адам шаруа қожалығынан 1,5 шақырым жерден табылған. Түк көрінбейтін ақтүтек боран салдарынан ер адам адасып, қайтар жолды таба алмай қалған. Құтқарушылар шопанның малымен бірге үйіне жетуіне көмектесті.

Құтқарушылар ауылдық жерде тұратын халықтың ауа райы нашарлаған кезде алыс қашықтыққа жаяу саяхатқа шықпауын өтінеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қарағанды облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT