Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Қарағанды облысы: Әкімдер көпбалалы отбасылар жағдайымен жеке танысады

2019 жылғы 19 ақпан 06:22 903
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысы: Әкімдер көпбалалы отбасылар жағдайымен жеке танысады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында қала және аудан әкімдеріне көпбалалы отбасылардың жағдайын білу үшін аулаларды аралап шығу тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
20 мыңнан астам атыраулық атаулы әлеуметтік көмек алды Үкімет делегациясы Алматыдағы жаңа әлеуметтік саясаттың іске асырылуы барысымен танысты

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов әлеуметтік мәселелерге қатысты тапсырмалар берді. Өңір басшысының пікірінше, әрбір әкім өзінің аумағындағы тұрғындардың проблемаларымен жеке таныс болуы тиіс.

«Барлық әкімдер көпбалалы аналардың қалай өмір сүретінін білу үшін аулаларды аралап шығуы керек. Олармен бетпе-бет жүздесіп, қандай көмек қажет екенін біліңіздер», - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы жұмыспен қамту саласындағы әрекеттерді күшейтуді талап етті. Ол жұмыс берушілермен болатын шиеленістердің дер кезінде алдын алу үшін еңбек қатынастарын бақылап отыруға шақырды.

«Бақылаушы және қазыналық органдармен бірлесіп қауіптерді басқару жүйесін әзірлеу қажет», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Өңір басшысы кадрлардың сұранысқа ие болуына да баса назар аударды. Ол колледж түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша толық талдау жасауды тапсырды. Бұл ретте облыс әкімі дуалды оқыту жүйесін дамыту қажет деп есептейді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT