Қарағанды облысында адасып кеткен 5 адам құтқарылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында ТЖД қызметкерлеріне жоғалып кеткен адамдарды табу үшін екі іздестіру операциясын ұйымдастыруға тура келді, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Абай ауданының Қарағанды ауылдық округінде құтқарушылар тобы жоғалып кеткен балықшыларды іздеді. Төрт ер адам 20 қаңтарда балыққа шығып, адасып кеткен. 21 қаңтарда 16.55-те олар Сасықкөл көлінің солтүстік-шығысы жағындада 2 шақырым қашықтықта табылды.

Екінші іздестіру-құтқару операциясы Ұлытау ауданында ұйымдастырылды. 22 қаңтарда сағат таңғы 4-те кезекші пультіне қоңырау келіп түсті. Ер адам қыстақтан шығып, Жезді кентіне қарай бет алғанын және далада адасып кеткенін хабарлаған. Құтқарушылар оны 8.55-те қыстақтан 10 шақырым қашықтықтан тауып алған.

Барлық құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындарына балық аулауға шыққанда жақындарыңызға қай жерге баратыныңызды және қай уақытта оралатыныңызды айтып кету керектігін ескертеді. Бұл мәліметтер қандай да бір оқиға кезінде іздестіру жұмысына септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар