Қарағанды облысында адамдардың тырысқақ жұқтырғаны туралы жалған хабар тарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында әлеуметтік желілер мен WhatsApp-та тырысқақпен сырқаттанушылық тіркеліп, қаланың су айдындарына тырысқақ вибрионы бөлініп жатқаны туралы ақпаат тарады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, ауруханаға келген ескерту құжаттарына сілтеме фэйк болып табылады.

«Бұл ақпарат жалған. Жезқазған қаласы бойынша тырысқаққа күдікті жағдайлар тіркелген жоқ. «Тырысқақ таяқшалары» тырысқақ вибрионының болуы тұрақты бақылауда, мамыр айынан қазанға дейін апта сайын зертханалық зерттеу үшін ашық су қоймаларынан (Кеңгір су қоймасы, жағажайлар) сынама алынып, зерттеледі. Дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ.

Жалған ақпарат таратқан тұлғалар белгіленген заңды тәртіпте жауапқа тартылатыны туралы ескертеміз. Ішек этиологиясы инфекцияларының алдын алудың негізгі шаралары - тамақтану және тамақ дайындау алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды жуу екенін еске саламыз.

Көкөністерді, жемістерді ағынды сумен жуғаннан кейін қайнаған сумен шаю керек. Кездейсоқ адамдардан азық-түлік сатып алмаған жөн және де тек рұқсат етілген жерлерде шомылу маңызды. Қарапайым алдын алу шараларын сақтай отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтайсыз!»,-делінген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар