Қарағанды облысында 700 шақырымнан астам автожол жөнделеді

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында биыл облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар 734 шақырым автожол жөнделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда 50 көше ретке келтіріледі. Четская мен Пичугин көшелерінде күрделі жөндеу басталады.

Орташа жөндеу Бұқар жырау даңғылы бойынша: Волочаевскаядан Гончарная көшесіне дейін, Ермеков көшесінен Әбдіров даңғылына дейін және Назарбаев даңғылынан Чкалов көшесіне дейін.

Бөкетов көшесінде (Мұқанов көшесінен Үштөбе ауылына өтетін автожолға дейін) жол салу және Космонавттар көшесін қайта жаңарту жалғасады.

Биыл 15-ші магистральді – 7-ші магистральдан «Бүркіт» кафесіне дейін орташа жөндеу ауыспалы жобасы аяқталады.

Жол жөндеуден басқа, Қарағанөзек (Үлкен Михайловка) станциясының ауданында теміржол арқылы жаяу жүргіншілер көпірі салынады.

Бұл жергілікті тұрғындар үшін теміржол арқылы қауіпсіз өтуге мүмкіндік береді.

Облыстық жолдарға келетін болсақ, 317 км және 345 км аудандық маңызы бар және елді мекендердің көшелері жөндеумен қамтылады.

«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы бойынша облыстың төрт ауданының – Абай, Бұқар жырау, Нұра және Оскаров аудандарының 23 ауылында жол жөнделеді.

Өңірдегі жол-құрылыс маусымы 1 мамырда басталады.


Соңғы жаңалықтар