Қарағанды облысында 7-сынып оқушысы сабаққа «ішіп» келген

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Долинка кентінде жалпы білім беретін орта мектептің 7-сынып оқушысы сабаққа алкогольдік ішімдікке мас күйінде келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқушысының мас жүргенін байқап қалған мұғалім оны бірден аурухананың токсикологиялық бөліміне жеткізген. Оған ішімдікке уланған деген диагноз қойылды.

«Ұл бала ішімдікті өзімен бірге алып келгенін мойындаған. Қызметтік тексеру жүріп жатыр, баланың қай кезде қандай жағдайда арақ ішіп үлгергені анықталып жатыр», - дейді орта мектептің кезекші мұғалімі.

Бұл Қарағанды облысында болып отырған бірінші тосын оқиға емес. 2016 жылы 23 қаңтар күні Қарағанды қаласындағы орта мектептердің бірінде 7-сынып оқушысы сабақ үстінде 3 қабаттан секіріп кеткен.

Кейін анықталғандай, сабақ үстінде тыныш отырмайтын оқушыны мектеп директоры шақырып алып, бұл әдетін қоймаса тәртібі төмен оқушылардың мектебіне ауыстырып жіберемін деп қорқытқан. Оған ашуланған оқушы сабақ үстінде 3-қабаттан секіріп кеткен. Көптеген жарақаттармен жасөспірім ауруханаға түскен еді. Кейін мектеп директоры мен оның орынбасары тәртіптік жазаға тартылды.

 

Соңғы жаңалықтар