Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 382.38 EUR 428.30
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

Қарағанды облысында 7 мыңнан астам түлек мектеп бітірді

2019 жылғы 25 мамыр 22:20 906
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында 7 мыңнан астам түлек мектеп бітірді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облысында 7 543 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды. Өңір басшысы Ерлан Қошанов түлектерді құттықтау үшін Шет ауданының Жарық ауылындағы мектепке барып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов түлектерді құттықтау үшін Шет ауданының Жарық ауылындағы тәлім алған мектебіне келді.  Мұнда биыл 34 он бірінші сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылды. Олардың үшеуі «Алтын белгіге» үміткер.

«Бүгін мен сіздерді әр адамның өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірімен құттықтау үшін арнайы келдім. Мен Қарағанды облысының барлық түлектерін мектеп бітіруімен құттықтағым келеді. Сіздердің алдарыңызда барлық жолдар ашылды. Мемлекет жастарға барлық мүмкіндіктерді жасауда - оқуға гранттар бар. Дәл қазір алдарыңызда тұрған басты мәселе - «келешекте кім боламын?» деген сұраққа жауап іздеу. Менің ойымша, сіздер дұрыс таңдау жасап, өз жолдарыңызды таба аласыздар», - деді Ерлан Қошанов.


Қарағанды облысында 7 мыңнан астам түлек мектеп бітірдіӨңір басшысы түлектерге уақытты бағалап, алға қойған мақсаттарға еш күмәнсіз қадам басуға кеңес берді. Ал осы түлектерге тәлім-тәрбие берген мұғалімдерге алғыс хат, педагогикалық еңбек ардагерлеріне - облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті.

Сыйлыққа сондай-ақ ауылдық мектеп екі интерактивті тақта сатып алуға сертификат алды.

Мектеп бітірушілерді ардагер-ұстаз Мағфуза Сәбитова қарсы алды. Жарты ғасыр шамасында ол осы мектептің оқушыларына математикадан сабақ берген.


Қарағанды облысында 7 мыңнан астам түлек мектеп бітірдіБалалардың айтуынша, олардың барлығы қандай мамандықты меңгеретінін таңдап үлгенген. 21 түлек жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсырады. Мектеп бітірушілердің көбісі қарағандылық университеттерге барғысы келеді.

«Алтын белгіге» үміткерлердің бірі Аружан Ысқақова Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне «Есеп және аудит» мамандығына құжат тапсыратынын айтты.

Бұл күні ауылда Түлектер аллеясы салынды. Он бірінші сынып оқушылары мектеп жанында ағаштар отырғызды.


Қарағанды облысында 7 мыңнан астам түлек мектеп бітірдіСоңғы қоңырау мерекесі облыстағы 512 мектепте өтті, 7 543 түлек мектеп қабырғасынан үлкен өмірге қадам басты. 296 түлек «Алтын белгі», 241 түлек үздік аттестатқа үміткер.

28 мамырдан 7 маусымға дейін он бірінші сынып оқушылары орта білім туралы аттестат алуға емтихан тапсырады.

20 маусым мен 5 шілде аралығында Қазақстан бойынша ҰБТ өтеді. Мамыр айының соңында облыс бойынша нақты мерзімдер белгілі болады. Өңірде бес жоғары оқу орны мен он жалпы білім беретін мектептерде тестілеу пунктері ұйымдастырылады. ҰБТ тапсыруға түлектердің 70%-ы, яғни 5 268 оқушы ниет білдірді.
Қарағанды облысында 7 мыңнан астам түлек мектеп бітірді

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қарағанды облысы, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT