Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қарағанды облысында 65 науқастарды қолдау қызметі жұмыс істейді

2019 жылғы 22 шілде 14:38 220
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында 65 науқастарды қолдау қызметі жұмыс істейді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы әрбір денсаулық сақтау ұйымында науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметі жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш қызмет 2014 жылы денсаулық сақтау саласында адам құқықтарын қорғау мақсатында құрылды. Мамандар науқастарға сапалы қызмет пен медициналық көмек көрсетудегі кемшіліктерді анықтаумен айналысады. Қолдау қызметінің көмегіне сұрақтары, ұсыныстары немесе қандай да бір мәселелері бар кез келген адам жүгіне алады. Анонимді шағымдар қаралмайды - маманға өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді, байланыс телефоныңызды көрсетумен нақты мәселені баяндап беруіңіз керек.

Қауырт желіге науқастың өзі немесе оның заңды өкілі қоңырау шала алады.

Науқастарды қолдау қызметіне егер сізде келесідей жағдайлар болса жүгінуге болады: көрсетілген медициналық көмекке көңіліңіз толмаса; медициналық қызметкер дөрекі қылық көрсетсе; кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында медициналық қызметтер үшін ақша талап етілсе; егер сізге кеңес қажет болса.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 18 қыркүйегіндегі ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодекстің 58-бабына сай, ішкі сараптама жасау үшін медициналық ұйымда науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылады. Аталмыш қызмет құрылымы мен құрамын көрсетілетін медициналық қызмет көлеміне сай ұйым жетекшісі бекітеді.

Науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметі көрсетілетін медициналық көмектерді, медициналық ұйымның клиникалық қызметін, медициналық көмектерге көрсетудегі жіберілген тәртіп бұзушылықтарды саралап, емделіп жатқан науқастың өтінішін бес жұмыс күні ішінде қарауды қадағалайды. Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша ішкі бақылау қызметі анықталған олқылықтарды ретке келтіру үшін медициналық ұйым жетекшісіне ұсыныстарды жібереді.







Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT