Қарағанды облысында 600-ден астам сайлау комиссиясы сайлауға дайындықты бастады

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленген ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, өңірде 761 мыңға жуық сайлаушы тіркелген, олардың 13 мыңы алғаш рет дауыс беріп отыр.

Тізімдер нақтыланатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау процесін ұйымдастыру облыс әкімдігінде өткен бірлескен отырыста талқыланды.

«Қарағанды облысында 656 сайлау комиссиясы бар, олардың құрамында 4582 мүше бар», - деп хабарлады облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Нұркенов.

Сайлаушылар тізімін нақиылау қажет, деп атап өтті ол. Сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлаушылар тізімдерін жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік Дерекқордың негізінде жергілікті атқарушы органдар қалыптастырады.

«Қазір негізгі міндет - әрбір сайлаушыға оның сайлау учаскесі бойынша ақпарат жеткізу. Сайлаушы учаскеге келген кезде жағдай туындамауы керек, бірақ ол тізімде жоқ. Өңірлердегі сайлаушылар тізімімен жұмыс күн сайын жүргізілуі тиіс. Сайлау құқығын іске асыру мүмкіндіктері туралы азаматтарды хабардар етуді қамтамасыз ету маңызды. Дауыс беру орындары туралы ақпарат ашық және қолжетімді болуы тиіс», - деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Әкімдіктердің сайттарында «Сайлаушылар тізімінде өзіңді тексер» қосымша беті қолжетімді, онда тұрғындар өз сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын да біле алады.

Өңір басшысы сайлау учаскелерін жабдықтау және мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау жөнінде тапсырма берді.


Соңғы жаңалықтар