Қарағанды облысында 500 заңсыз мигрант жауапқа тартылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 3 күн ішінде 500-ден астам шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заңсыз келуші-2018» шарасының үш күні ішінде облыс бөлімшелері 516 шетелдік азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты» , - деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД.

Мұндай шешім Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына қатысушы мемлекеттердің аумағында заңсыз миграцияға қарсы ұйымдастырылған «Заңсыз келуші» жедел алдын алу шарасы барысында қабылданған.

«Елден шығару туралы сот шешімін орындамағаны үшін Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтарына қатысты ҚР ҚК-нің 393-бабына сәйкес 2 қылмыстық із қозғалды», - делінген хабарламада.

21 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 41 шетелдік азамат елден шығарылды.

Соңғы жаңалықтар