Қарағанды облысында 500-ден астам оқушы Қазақстан тарихынан өткізілген олимпиадаға қатысты

None
None
РАҒАНДЫ. 6 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Академика Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (ҚарМУ) Қазақстан тарихынан «Клио-2011» облыстық олимпиадасы болып өтті.

Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Сайыстар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 40 жылдығына арналды. ЖОО хабарлауынша, олимпиадаға облыстың қалалары мен ауылдарының мектептерінің 500-ден астам 11 сынып оқушысы қатысты.

Олимпиада екі турдан тұрды, олар: тестіден өту және сараптамалық сұрақтары бар жазбаша жұмыс.

«Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері егер мемлекеттік гранттың иегерлері атана алмаса, тарих факультетіне оқуға жеңілдікпен түсу мүмкіндігіне ие болады. Бірінші орын үшін жеңілдік 50 пайызды, екінші орын үшін 30 пайызды, үшінші орын үшін 10 пайызды құрайды. Нәтижелер қазақ және орыс тілді оқыту бойынша жеке-жеке шығарылады», - делінген хабарламада.

Олимпиадамен қатарласа Қарағанды мемлекеттік университетінде мектептердің тарих мұғалімдері үшін семинарлар өткізілді.

Соңғы жаңалықтар