Қарағанды облысында 5 адамды атып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласында адам өміріне қастандық жасады деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 мамыр күні Теміртау қаласында «жедел жәрдем» бригадасы «бытыралы жарақатпен» 18-25 жас аралығындағы 5 жігітті ауруханаға жеткізді», - дейді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Қаланың 20 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Ол қақтығыс кезінде оқ атқанын мойындаған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде күдіктіге бұлтартпау шарасы қолданылып, қамалған.
Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіруге оқталу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Соңғы жаңалықтар