Қарағанды облысында 40-тан астам марал еркіндікке жіберілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Орталық Қазақстандағы жабайы маралдар саны артты. «Бұйратау» мемлекеттік-ұлттық табиғи паркінің кешенді жұмыстарының арқасында қатары сиреп кеткен дала жануарының популяциясы қайта жанданып келеді, дейді ҚазАқпарат тілшісі.

Бір ғасырға жуық уақыт бұрын жойылып кеткен жабайы марал, Сарыарқа жерінде қайта мекендей бастады. ​ Бұл Осакаров ауданына қарасты «Бұйратау» мемлекеттік-ұлттық табиғи паркінің 17 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан кешенді жұмысының нәтижесі.

Аталмыш қорықтың аумағы 400 гектардан асады. Осы жерде ұлттық парк қызметкерлері жабайы маралдардың санын көбейтіп, жуырда 40 жануарды еркіндіккежіберді.

Айта кету керек, 2002 жылдан бері сирек кездесетін бұл жануарлар тобын мамандар осымен жетінші мәрте табиғатқа жіберіп отыр. Жыл сайын қорықтан 50-ге жуық жануар жіберіліп отырады. Қазіргі таңда мамандардың айтуынша, Орталық Қазақстан аумағында 200-ден астам марал мекендейді.

«Бостандыққа жіберілген жануарлар күзге дейін осы қоршау маңында жүреді. Себебі жем-шөпке үйреніп қалған. Кейін қысқа қарай далаға кете бастайды. Бұрын Орталық Қазақстанда маралдардың саны көп болған, кейін браконьерлердің кесірінен, адами фактордан жойлып кеткен», - дейді «Бұйратау» МҰТП бөлім басшысы Қаһарман Қабдылмұрат.

Бұл жануарлар​ертеректе ​ Қарағанды облысында көптеп кездесетін, дейді мамандар.
null

Алдыңғы легі соғыс пен ашаршылық жылдары қырылған болса, қалған маралдарды браконьерлер құтқан.

Ал бүгінгі күндері «Бұйратау» мемлекеттік паркіне маралдар Қарқаралы, Көкшетау, Қатон-Қарағайдан әкелінген. Олардың бір тобы еркіндікке жіберілсе, бір тобы қорықта қалды.​

Ұлттық парк мамандарының айтуынша, қорық аумағын 91 арнайы мемлекеттік инспектор күзетеді. Олар қасқырлар мен заңсыз аңшылармен күреседі. Себебі жыл сайын жыртқыштар мен браконьерлердің салдарынан маралдың саны 4-5-ке азаяды.

Қазіргі уақытта инспекторлар бақылауды күшейткен. Себебі мамыр айында маралдардың​ төлдейтін уақыты басталады. Осы жолы да жабайы табиғатқа жіберілгендері ​ төлдеп жатыр, дейді мамандар. Болжам бойынша жануарлардың ​ жалпы саны алдағы уақытта 500-ге дейін ​ жетуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар