Қарағанды облысында 40 гектар орман жанып кеткен

None
Видеодан алынған кадр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 40 гектар орман жанып кетті, деп хабарлайды өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

«Қарағандының орманды аймақтарында 2 өрт ошағы бақылауда. Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, тілсіз жау 70 гектар жерді шарпыған, оның 40 гектары орман. Өрттен 6 саяжай (1 жұмыс істемейді), 7 саяжай аумағындағы 15 шаруашылық ғимарат жапа шекті.
Саяжайдан 5 адам құтқарылды, 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді» делінген хабарламада.

Қазіргі кезде орманды жерлердегі өрт ауыздықталды, саяжай аулаларындағы өрт және тұтанған ошақтар сөндірілуде.

Өртті жоюға ТЖД, 52859 әскери бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің, орман шаруашылығының, Қазавиақұтқару күштері: барлығы 289 адам, 68 бірлік техника жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар