Қарағанды облысында 4 жасар қыз бір тәулік орманда адасып жүрген

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Абай ауданы полициясы мен еріктілер ата-анасымен серуенге шығып, адасып кеткен 4 жасар қызды орман ішінен бір тәулік бойы іздеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қызынан көз жазып қалған ата-аналары бірден полицейлерді шақырған. Ішкі істер органдарының 40-тан астам қызметкері 21 шілдеде сағат 12-ден 18-ге дейін баланы іздеді. Күн қараңғылана бастағанда, қызды іздеу жұмыстарына  еріктілер тартылып мен полицейлер саны көбейтілді.
null 

Олар әлеуметтік желідегі «Қарағанды іздеу» еріктілер қозғалысын шақырды. Еріктілер көлікпен келіп, орманнан, Самарка, Есенгелді, Балықтыкөл ауылдары маңынан қызды іздеді.
null 

Бүгін, 22 шілдеде қыз Абай ауданы Балықтыкөл ауылының маңында жолдан жеті шақырым жерде  табылды.  Ол ағаш түбінде ұйықтап жатқан. Бала қатты тоңып қалған. Дәрігерлер оның денесіне суық тигенін анықтады.
null 

Абай ауданы полициясы оқиға сәтті аяқталғанына қарамастан, ата-анамен осы оқиғаға қатысты әңгіме жүргізетін болды. «Міндетті түрде әңгімелесу өтеді. Олар баланы қадағалау керек екенін түсінуі тиіс. Тоңып қалғаны ештеңе емес, тірі табылғанына шүкір», - деді аудандық полицейлер.

Соңғы жаңалықтар