Қарағанды облысында 4 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағанды облысының Абай қаласында төрт жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 маусым күні Абай қаласында ата-анасының қарауынсыз қалып қойған 4 жасар ұл бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен», - деді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, 5 маусым күні Балқаш қаласында екінші қабаттың балконынан абайсызда 2016 жылы дүниеге келген қыз бала құлап кетті. Осыған ұқсас оқиға Бұқар Жырау ауданының Алғабас ауылында да болған. Шаруашылық мақсатындағы биіктігі 2-3 метр болатын ғимараттан 10 жасар қыз бала құлап кеткен. Зардап шеккен балалар әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Мекемеде мәлім еткендей, өткен 2017 жылы облыс бойынша балалардың терезеден құлауына қатысты 20 оқиға тіркелген. Төтенше жағдайлар департаментіндегілер ата-аналарды жаз мезгілінде мұқият болуға және қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. 

Соңғы жаңалықтар