Қарағанды облысында 36 отбасы баспаналы болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Астананың мерейтойы Абай қаласында тұратын 36 отбасы үшін ерекше болды. Осы күні олар өздерінің жеке баспанасына қол жеткізді. Жаңа пәтерлердің кілтін қоныстанушыларға облыс әкімі Ерлан Қошанов табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- Бірінші кезекте, барлықтарыңызды елордамыздың 20 жылдығымен құттықтағым келеді. Бұл тек астаналықтар ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың мерекесі, - деді аймақ басшысы. - Әр отбасы үшін ең бастысы - өзінің жеке баспанасы болғаны, ол нағыз бақыт. Бүгінгі таңда біз Абайдың және жалпы ауданның тұрғындары үшін көптеген жұмыстарды жасап жатырмыз. Қаланың қалай гүлденіп келе жатқанын байқаған шығарсыздар. Бірінші кезекте біз тұрғындардың жағдайын жақсарту үшін әлеуметтік нысандарды салудамыз. Жуырда ғана жүзу бассейнін іске қостық, қазіргі таңда белсенді түрде дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр, 100 орынға шақталған жатақхана салынады деп жоспарлануда. Сондай-ақ біз тұрғын үй салуды жалғастыра береміз. «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында биыл екі үйдің құрылысы аяқталды, және де алғаш рет тұрғындар өз баспанасына ие болды. Ал бүгін 36 қоныстанушыға кілттерін табыс етіп отырмыз. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын, жаңа үйлеріңіз бақытқа толсын. 

Мердігерлердің айтуынша, екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына бір жыл уақыт кеткен екен.
 
- Біз 2017 жылы тамыздың соңында жұмыстарымызды бастадық. Бір жылға жетер-жетпес уақытта 72 пәтері бар екі үйдің құрылысын аяқтадық. Бірінші үйге адамдар қоныстанды, тұрғындар өз баспаналарын мамыр айында алды. Бүгін біз екінші үйді қолданысқа беріп, жаңа қожайындарға пәтер кілттерін табыс етіп жатырмыз. Барлық жұмыстар 100 пайыз орындалды. Құрылыс барысын біз және Абай ауданы әкімдігі бақылап отырдық. Барлық материалдар - отандық өнім. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша шамамен 600 млн теңге жұмсалды. Үйлерде бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер бар. Жақын болашақта маңындағы аумақты абаттандырамыз, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады, - деді «ККК ЛТД» ЖШС коммерциялық директоры Иван Малюшенко.

36 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы - 2000 м2, пәтерлердің ауданы - 1904 м2. 

- Менің ІІ топ мүгедектігі бар қызым пәтер алды, өте қуаныштымын. Біз кезекте 9 жыл тұрдық. Енді міне, баспанаға қолымыз жетіп, облыс әкімінің қолынан пәтер кілтін алып отырмыз. Барлықтарына, бірінші кезекте еліміздің ПРезидентіне, облыс әкіміне және Абай ауданы әкімдігіне бізді қолдағаны үшін, көмектескені үшін алғысымды айтамын,- дейді Раиса Мұқанова. 

Абай ауданы ТКШ бөлімі мамандарының айтуынша, баспана «Нұрлы жер» бағдарламасының төрт бағыты бойынша берілді. 

- Ол әлеуметтік қамсыздандырылмаған тұрғындарға жекешелендіру құқығысыз жалға баспана беру. Пәтер иелері ай сайын коммуналдық төлемдермен қоса, жалға алу ақысын төлеп отырады, мысалы, бір бөлмелі пәтер үшін 6000 мың теңге. Бізде пәтерге кезекте 1870 адам тұр. Соңғы рет кезекте тұрғандар баспананы 2013-ші жылы мүлікті түгендеу барысында алған болатын. 2019-шы жылы 80 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй салу жсопарланып отыр, - деп мәлімдеді Абай ауданы әкімдігінің ТКШ бөлімінің маманы Дина Гусамова.

Жаңа үйден пәтерлер жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да берілді.
 
- Жалғыз өзім үш баланы асырап отырмын. Үлкен ұлым 21 жаста, ортаңғы балам 17-де және кенжем 2 жаста. Бізде бүгін бақытты күн, біз 9 жыл бойы күткен баспананы алып отырмыз. Осыған дейін бізде тұрақты баспана болған жоқ, әрдайым не жалға алатынбыз, не болмаса ата-анамның қолында тұрып келдік. Ал енді өзіміздің үйіміз пайда болды, біз қатты қуанып отырмыз, осы сәтке жеттік-ау. Енді әр баламның өз бөлмесі болады. Біздің пәтеріміз өте кең және жарық, - дейді Наталья Столбова. 
nullnull

 

Соңғы жаңалықтар