Қарағанды облысында 36 ауылдағы 121 стратегиялық нысан интернетке қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы 36 ауылдағы 121 стратегиялық нысан интернетке қосылды. Бұл мәліметтерді бүгін өзінің Facebook-тегі парақшасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Пионерское ауылында болдық. Осы ауылда көрші орналасқан Центральное ауылын да жоғары жылдамдықтағы Интернетпен қамтуға мүмкіндік беретін базалық станция орнатылды. Қарағанды облысында соңғы екі жылдың ішінде 876 км талшықты оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) төселді! Өңірдегі 36 ауылда орналасқан аурухана, мектеп, әкімшілік ғимараты секілді 121 стратегиялық нысан Интернетке қосылды. Енді ТОБЖ негізінде ұялы байланыс операторлары өз желілерін дамытып, ел халқының 99% -дан астамын кеңжолақты Интернетпен қамтамасыз ете алады. Мұны елдегі цифрлық теңсіздікті жоюдағы серпіліс деуге болады»,-деп жазды Б.Мусин.

Оның сөзінше, енді аталған ауыл тұрғындары мемлекеттік қызметтерді онлайн алатын болса, ауруханалар телемедицинаны және т.б. пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

«Сондай-ақ, «Террикон алқабы» IT-hub жобасын әзірлеушілермен кездестім. Бұл Қазақстанның үздік әзірлеушілері мен IT-саласының мамандарын біріктірген бірегей жоба. Қарағандылықтар бүкіл республика тұрғындары қолданып жүрген WOOPPAY, Flip.kz немесе Hoster.kz. секілді сәтті ІТ жобаларымен мақтана алады. Сол ауылдың тұрғынымен кездесіп, оның бейнеқоңырау арқылы Қарағандыдағы облыстық аурухана дәрігерінен кеңес алғанын көрдім. Тапсырған анализдерінің нәтижесін білу үшін оған ешқайда барудың қажеті жоқ»,-деді министрдің міндетін атқарушы.

«Бұл өте маңызды, енді Пионерское және Центральный ауылдарының тұрғындары облыс орталығына бармай-ақ, дәрігер кеңесін үйлерінде отырып ала алады. Бұл телемедицинаның мүмкіндігі мен жалпы цифрландыру шараларының игілігі».


Соңғы жаңалықтар