Қарағанды облысында 32 медицина қызметкері баспаналы болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Ерлан Қошанов Қарағанды облысы Шахтинск қаласының 32 жас дәрігеріне пәтер кілттерін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шахтинск қаласында жас дәрігерлер кәсіби мереке қарсаңында қоныс тойын тойлады. Қарағанды облысы әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Қошанов 32 қызметтік пәтердің кілтін табыс етті. Баспана Қарағанды медицина университетінің 2018-2019 жылғы түлектеріне берілді. Сондай-ақ жас мамандарды Шахтинск қаласының ауруханалары мен емханаларына жұмысқа шақырды.

«Шахтинск қаласындағы басты мәселелердің бірі - медициналық кадрлардың тапшылығы. Мұнда 40-қа жуық маман жетіспейді. Енді мұнда жас дәрігерлер командасы келді. Сіздерге жаңа жұмыс қана емес, жаңа баспана да ұсынылады. Өмірлеріңіздегі жаңа кезеңге қадам басуларыңызбен құттықтаймын. Шахтинск сіздер үшін жаңа үй болады деп ойлаймын, ал қаланың тұрғындары сіздердің жұмысыңызға риза болады деп үміттенеміз», - деді Ерлан Қошанов.
null

Өткен жылы Шахтинскідегі қараусыз қалған көпқабатты үйдің екі кіреберісі Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының меншігіне берілген болатын. Сол кезден бастап онда күрделі жөндеу басталды. Терезелер, есіктер, едендер, кәріз және жылу жүйелері мен электр сымдары толығымен ауыстырылды. Пәтерлер жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталды. Әр үйде теледидар, микротолқынды пеш, тоңазытқыш және кір жуғыш машина бар.

Қызметтік тұрғын үйдің кілттері терапевтер, жалпы тәжірибе дәрігерлері, педиатрлар, акушер-гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтар, хирургтарға табыс етілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жаңадан келген жас дәрігерлер үшін ведомстволық тұрғын үймен қамтамасыз ету осы өңірдегі маман тапшылығын айтарлықтай азайтуға септігін тигізетініне сенім білдіретінін жеткізді.

«Біздің дәрігерлер өз заттарын алып, жаңа пәтерлерге кіріп, тұра алады. Қажетті тұрмыстық техника мен жиһаз сатып алудың керегі жоқ. Барлығы дайын. Бұл біздің жобамызды дәрігерлер үшін бәсекеге қабілетті және тартымды етеді», - деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.
null

Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін және денсаулық сақтау саласындағы кадрлық тапшылық мәселелерін шешу мақсатында 2018 жылы жергілікті бюджет есебінен аймақ басшысының тапсырмасы бойынша Қарағанды облысында 60-қа жуық пәтер жөнделіп, жас мамандарға берілді.

2019 жылы медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау жобасына Шахтинск, Абай, Саран, Жезқазған және Қарағанды әкімдіктері тарапынан қолдау көрсетілді. Ең көп пәтер Шахтинск қаласындағы жас дәрігерлер үшін дайындалды, онда емхана мен стационар қызметкерлеріне арналған 32 пәтер (2 кіреберіс) жөнделді.

Сонымен қатар, Қарағандыда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы жас дәрігерлеріне 7 қызметтік пәтер бөлу жоспарланып отыр.

Облыс орталығында жаңа облыстық балалар ауруханасын пайдалануға бергеннен кейін босаған ескі ғимаратта денсаулық сақтау саласының жас мамандары үшін жалға берілетін баспана ұйымдастыру көзделіп отыр. Барлығы 104 пәтерді бөлу жоспарлануда: 58 - бір бөлмелі және 46 - екі бөлмелі.
null

Облыс әкімдігі 2018 жылы денсаулық сақтау саласына 333 маманды тартты. Оның ішінде 130-ы Қарағанды қаласында жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың басында өңірде дәрігер тапшылығы 97 маманды құрады. Облыс резидентурасында денсаулық сақтау мамандарын дайындау үшін жергілікті бюджеттен 93,7 млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 50-ден астам дәрігер оқудан өтеді.

null null null null

Соңғы жаңалықтар